Өскеменде қайырымдылық дүкені ашылды
Андреев кафедральды соборы шіркеу маңында қайырымдылық дүкенін ашты
Бұған дейін Орталық базар маңында рақымдылық дүкені ашылған болатын, енді Стрелка маңында да тағы бір дүкен ашылды, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Бұл жобаның бастамашысы Өскемен қаласы "Іскер әйелдер қауымдастығы" АҚ.
- Өскемен және Семей қалаларының шіркеубасылары дүкен ашуға рұқсат берді, - дейді қоғамдық бірлестік төрайымы Татьяна Цветкова. - Шіркеуге дін жолындағы адамдар киім-кешек, аяқ киім, ойыншық пен кітаптар әкеліп жүретін. Сол заттарды енді тұрғындардың өздері де осы дүкенге келіп, қалаған заттарын алып кете алады.