Қазақстанда кешкі жарнаманы қысқартуы мүмкін
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары жарнама саласындағы өзгерістер туралы заң жобасын екінші оқылымын мақұлдады
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бес кодекске және тоғыз заңға әсер етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.
Сондай-ақ, заң жобасында кешке жарнаманы қысқарту көзделген. Бұл ереже 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және теледидар мен радиодағы коммерциялық жарнаманың көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Бұған қоса, ол күніне 10 бейнеге әлеуметтік жарнаманы тегін орналастыру мүмкіндігін ұсынады.