Назарбаев БАҚ саласында сыйақы мен гранттар беру туралы бұйрыққа қол қойды
Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай, ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаев БАҚ саласында сыйақы мен гранттар беру туралы бұйрыққа қол қойды
Бұқаралық ақпарат құралдарының елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси рөлін қамтамасыз ететін маңызды рөлін ескере отырып, бұйрық пайда болды, деп Ақорданың сайты хабарлады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша БАҚ саласындағы сыйлық пен грант төмендегілерге берілді:
Дорофеев Михаил Викторовичке - "іnformburo.kz" интернет-порталының бас редакторына отандық бұқаралық ақпарат құралдарын және ақпараттық-сараптамалық электронды ресурстарды дамытуға қосқан үлесі үшін;
Танысбай Ләззат Мұратқызына - "Астана" республикалық телеарнасының бас директорына қазақстандық журналистиканы және ұлттық телевидениені дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін;
Әділова Айгүл Нұрханқызына - "Хабар" республикалық телеарнасының сараптамалық бағдарламалар бөлімінің тілшісіне Мемлекет басшысының қызметін жан-жақты әрі сапалы жариялап-көрсеткені үшін;
Жиенәлі Мейіржан Әлібекұлына - "Қазақстан" ұлттық телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасарына отандық телевидениедегі ақпараттық-сараптамалық бағдарламаларды ілгерілету ісінде қол жеткізген кәсіби жетістіктері үшін.
Алғысы хаттар:
"Алматы" телеарнасының шығармашылық ұжымына отандық телевизиялық журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін;
"Астана ақшамы" республикалық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына Астананың әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық дамуындағы маңызды тақырыптар мен негізгі мәселелерді жариялап-көрсетуге қосқан ерекше үлесі үшін;
"Балдырған" республикалық балалар журналының шығармашылық ұжымына еліміздің өскелең ұрпағын тәрбиелеу ісіне және қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан зор үлесі үшін;
"Өзбекстанның ұлттық телерадиокомпаниясы" шығармашылық ұжымына Қазақстандағы Өзбекстан жылын және түрлі салалардағы Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығын дамыту мәселелерін жариялап-көрсеткені үшін.