Қазақстанда үздік аядамаға байқау жарияланды
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ туристік және халықаралық рейс автобустарына арналған аялдамалар арасында сәулет байқауын жариялады
Байқаудың мақсаты – мемлекет имиджі мен тиімді туристік ортаны жасау аясында көлік инфрақұрылымдарының сапасын жақсарту. Қатысушылар заманауи технологияларды қолдана отырып, ерекше аялдама орнын жасауы қажет. Аялдаманың жобасы ыңғайлы, қауіпсіз болуы тиіс.
Ал байқаудың жеңімпазы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-мен бірігіп Қазақстанның басқа жолдарына да осындай аялдамаларды орнатпақ.
Байқаудың шарттары мен талаптарын Ұлттық компанияның ресми сайтынан оқып танысуға болады.