Зырянда үш жасар бала көліктен құлап қалды
Кішкентай қызы қазір ауруханада жатыр
Зырян ауданы полицейлерінің мәліметіне қарағанда, үш жасар қыз көліктің артқа орындығында отырған.
ВАЗ 21063 көлігінің иесі автотұрақтан шығып дүкенге бармақ болған, ал арттағы есіктің ашық қалғанын байқамаған. Қыздың басы мен денесі зақымдалып, бұғанағы сынып ауруханаға түсті.
Қазір аталған оқиғаға қатысты соталды тергеу амалдары жүргізілуде.