Қазақстанда арнайы қызметтерге жалған қоңырау шалғандар жазаланды
Қазақстанда арнайы мамандандырылған қызметтерді жалған шақыртқаны үшін айыппұлдан бастап бас бостандығынан айыру жазасына дейін қолданылады
ҚР-ның заңнамасына сәйкес, қасақана жалған шақыру қылмыс болып табылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.
Жауапкершілік жыл сайын күшеюде. Осылайша, кім лаңкестік әрекеттер туралы қасақана жалған мәлімет жеткізсе, оған 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру қатері бар.
ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 438-бабына сәйкес, арнаулы қызметтерді жалған шақырған құқықбұзушыларға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Сонымен қатар, егер шақыру қайталанып немесе өрт немесе апатты жою кезінде жасалса, онда айыппұл екі еселенеді.
Заманауи техникалық құралдар қоңыраудың қай нөмірден алынғанын анықтауға мүмкіндік береді. Биылғы жылы 5 жалған және 60-ы расталмаған жағдай тіркелді.