Шымкент республикалық маңызы бар қала болуы мүмкін
Шымкент қаласы Қазақстанның үшінші мегаполисі атанды
Шымкент әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, қалада республикалық мәртебе беру туралы төрт бірдей конференция өтіп, оған мыңға жуық адам қатысқан.
- 17 мамыр күні мемлекет басшысы Шымкент қаласын үшінші миллион-қала деп атады. Миллионер-қала – бұл әрдайым жаңа идеялар, жобалар мен жоспарлар, ауқымды инвестициялар. Барлығы қаланың дамуына жаңа серпін береді. Шымкент бұл мәртебелі деңгейге ғасырлар бойы жетті, - дейді әкімдік.
Астанада өткен «Болашақ» халықаралық стипендиясының мерейтойлы форумында Елбасы болашақ миллионер-қалалардың қолында деген болатын. Мемлекет басшысы мұндай қалалар тұрғындар үшін қолайлы, қауіпсіз, тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы жаңартылған және мәдениеті жоғары болуы тиіс деп көрсетті.