Тауарларға қандай бірыңғай таңба салу керектігін мақұлданды
Алматы қаласында Техникалық реттеу және метрология комитетінде айналымдағы тауарларды бірыңғай белгісімен таңбалауға қойылатын талаптар жайлы талқыланды
Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық келісімдерге сәйкес бірыңғай белгі жасалған, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің сайты.
Бірыңғай белгімен белгiленген өнiм Кеден одағының техникалық регламентінде айқындалған сәйкестiктi бағалаудың барлық рәсiмдерiн өткенін (сртификаттау немесе декларациялау), сондай ақ, ол осы өнімге қолданылатын Кеден одағының барлық техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келетінін белгілейді.
Бірыңғай белгінің өлшемдерін қолдануға рұқсат алған өндіруші, өндірушімен белгіленген тұлға, импорттаушы (жеткізуші) айқындайды. Бұл жағдайда белгінің үлкендігі кем дегенде 5 мм болуы қажет. Бірыңғай белгіні қандай да бір жолмен жасалып, өнімнің барлық қызмет мерзіміне анық және нақты бейнесін қамтамасыз етуі тиіс.
Өндірушілер, өндірушімен белгіленген тұлға, импорттаушы (жеткізушілер), өнімдердің Кеден одағының техникалық регламенттерімен белгіленген барлық сәйкестікті бағалауды (растауды) Кеден одағының кез-келген мемлекетінде өтіп, бағалаудың осы нысандарында көзделген құжаттарымен расталған жағдайда ғана бірыңғай белгімен таңбалауға құқылы.