Қазақстан мектептерінде спортшы оқушылар дене шынықтыру пәнінен босатылады
ҚР Білім және ғылым министрлігі спортпен кәсіби түрде айналысып жүрген балаларды дене шынықтыру пәнінен босатылсын деп шешім шығарды
Аптасына спортпен үш сағаттан артық айналысатын оқушылар ғана сабақтан босатылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
- Мұндай шешімнің қабылдануына ата-аналардың өтініші себеп болды. Енді бұл оқушылар педагогикалық кеңес рұқсат берген соң, дене шынықтыру сабақтарынан босатылатын болады, - дейді Е.Сағадиев.
Тақырыптар:
Освобождение от физкультуры Министерство образования и науки Казахстана Спортсмены Казахстана