Қазақстанда өнімдерді бұрмалаудың көптеген фактілері анықталды
Қазақстанда сатылатын өнімнің қауіпсіздігін бақылау нәтижесі туралы Денсаулық сақтау министрі Элжан Біртанов жариялады
Тексеру барысында бөлшек сауда нысандарының 92%-ын қамтитын 42 мың өнімге бақылау жүргізілді, деп хабарлайды Sputnik Kazakhstan сайты.
Сонымен қатар, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеуі жағдайлардың 10%-ында белгіленді. Сондай-ақ, өндірушілердің 43%-ы таңбалау ережелерін бұзған, 22%-қауіпсіздік талаптарын сақтамаса 12% - мәлімделген құраммен сәйкес келмеген.
Таңбалау, санитарлық-химиялық, физикалық және механикалық көрсеткіштерді бұзу көбінесе Қытайдан импортталатын ойыншықтар үлгілерінің 35,6%-ында анықталды.
- Мониторинг нәтижелері бойынша 1300-ден астам анықтама жарияланды, 1024 әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалды, 415 сот шешімі қабылданды. Сауда кәсіпорындарында шамамен 40 тонна өнім саудадан алынып тасталынды. Жалпы сомасы 19,5 млн теңге болатын айыппұл салынды, - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.