АҚШ-та әскери ұшақ құлады
С-130 әскери-көлік ұшағының бортында тоғыз адам болған
Апат Джорджияда болды, деп хабарлайды РИА Новости.
Алдын ала мәліметтер бойынша, аман қалғандар жоқ. Ұшақ ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай автомагистральге құлаған. Қуанышқа орай, сол кезде автокөліктер де болмаған. Апатқа ұшыраған ұшақ Аризонадағы Дэвис-Монтон әскери-әуе базасына бағыт алған.
C-130 Hercules ұшағы - әлемнің көптеген елдеріндегі тактикалық көліктік ұшақ. Ол тактикалық тасымалға арналған және ұшақ 90-нан астам жауынгерге арналған.