Қазақстанның авторлық киносы Мәскеуді бағындыруда
Мәскеу кинофестивалінің негізгі байқау бағдарламасында «Қазақфильм» киностудиясының «Түнгі Құдай» толықметражды фильмі іріктелді
40-шы Мәскеу халықаралық кинофестивалі 2018жылдың 19 сәуірінде ашылып 26 сәуіріне дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.
А. Ержанов режиссерлік еткен «Түнгі Құдай» фильмі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасымен түсірілді.
- Мен авторлық киноны Мәдениет және спорт министрлігі қолдайтынына қуаныштымын. Мен келесі жобада, цензурасыз, ынтымақтастықты жалғастыруға қуаныштымын. Менің шығармашылығыма түсіністікпен қарағандарына алғысым шексіз, - дейді режиссер.