Қазақстан Ливанға бітімгерлерді жібермек
ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров хабарлағандай, Қазақстан 2018 жылдың күзінде Ливанға аттандыру үшін бітімгерлер әскерін дайындауда
- Біз ротаны дайындап жатырмыз. Барлық үрдістерді аяқтап, соңғы шаруалар қалды. Қыркүйек-қазан айларында 120 адамнан тұратын ротаны Ливанға жіберуді жоспарлап отырмыз, - деді Талғат Мұхтаров.Ол атап өткендей, бұған дейін бітімгерлік шараларға жекелей офицерлер жіберіліп келсе, енді бітімгерлік қызметі туралы заң қабылданғандай бұл мақсатта бүкіл бөлімшені жіберуге мүмкіндік бар.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Казахстан отправит миротворцев в Ливан Миротворческие силы Казахстана Министерство обороны РК 



