Бір айдың ішінде Өскеменде 50 көше жөнделеді
Жол жөндеу қызметі, шамамен, 10 000 шаршы метр жолға асфальт төсейді
Қазір Тәуелсіздік даңғылы мен Қазақстан, Пушкин, Ярославская, Шоссейная, Бажов көшелеріндегі шұңқырлар жөнделуде.
Следующая →
- Жолдың шұңқырларын бітеу жұмыстары тұрақты ауа райына орай жоспарланып, жүргізіледі, - дейді Өскемен қаласы ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Бауыржан Сүйлейменов. - Сәуірдің жауын-шашынды күндері кестеде жоспарланған мерзімнен кешігіп қалдық. Қазір ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша алдымен шұңқырларды бітеу, сосын жолдағы сызаттар жөнделуде.Қазір Жыланды және Шмелев лог кенттеріндегі жолдарда жүргізілетін шұңқырларды бітеу жұмыстарына жол жабындысы дайындалуда.