Қазақстанда зиянкес шегірткелер қаптауы мүмкін
Биылғы болжам бойынша, 2 млн гектар жерге зиянкес тарауы мүмкін
Ал елдің ауыл шаруашылық вице-министрі А.Евниевтің айтуынша, шегірткелермен күрес жүргізу үшін 3,57 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды Sputnik Казахстан.
Ауыл шаруашылық министрлігі зиянкес шегірткелерден Оңтүстік Қазақстан облысы мен Жамбыл қатты зардап шегуі мүмкін екендігін айтады. Сондықтан негізгі күш осы аудандарға жұмылдырылмақ.
Сонымен қатар, министрлік көрші елдермен бірігіп те шегірткеге қарсы күрес жүргізбек.