ШҚО-да солдат батальон командиріне тіл тигізген
Ал әскери тәртіпті бұзғаны үшін жас азамат ірі көлемде айыппұл төлейтін болды
Оқиға Аягөз ауданындағы әскери бөлімдердің бірінде болған. Әскери шені жоғары қызметкер сапта тұрған сарбазға бұйрық берген. Ал ол болса, оған тіл тигізіп, боқтық сөз айтқан.
Аягөз аудандық соты дөрекі сарбазға қатысты үкім шығарып, 25 айлық есептік көрсеткіш немесе 60 мың теңге айыппұл салған.