Астанада "Жер сағаты" акциясы қолдау таппақ
2018 жылдың 24 наурызында Астанада халықаралық "Жер сағаты" акциясы аясында, ең танымал ғимараттар мен қалалық нысандардың шамдары өшіріледі
"Жер сағаты" халықаралық іс-шарасы жыл сайын наурыз айының соңғы сенбісінде жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін өткізіледі. Осылайша Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF), планетаның болашағына назар аудартуды және табиғатты аялауға шақырады.
Биыл осы акцияға Қазақстанның көптеген өңірлері қатыспақ. Ал сағат 20.30-да Елордада Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы, Бәйтерек монументі, сауда орталықтары, Назарбаев Университеті, "Алау" мұз айдыны, Горький атындағы орыс драма театры, Триумфтік арка және т.б. нысандарының жарықтандырылуы бір уақытта өшеді.