Қазақстан халқы 18 миллионнан асты
Былтыр халық саны 260 мың 487 адамға артқан
Ал 2018 жылы 1 қаңтарда Қазақстанда барлығы 18 млн 157,1 мың адамның тұрып жатқаны белгілі болды. Бұл жайында ҚР Экономика министрлігінің статистикалық комитеті хабарлап отыр.
Елдің демографиялық жағдайы келесідей: былтыр 309 520 бала дүниеге келсе, 130 033 адам қайтыс болған. Былтыр 141 791 неке тіркелген. Барлығы 54 626 неке ажырасқан.
Былтыр елге 37 704 адам көшіп келсе, 16 081 адам елден көшіп кеткен.