Өскеменде ет жәрмеңкесі өтеді
Осы сенбіде жәрмеңке, әдеттегідей, Металлургтер мәдениет сарайы мен Фрешмаркет гастрономы жанында өтпек
Бұл жолы сенбілік жәрмеңкеге Глубокое ауданының шаруа қожалықтары келеді.
Өткен аптада өткен жәрмеңкенің бағалары қала тұрғындарын қатты қуандырған еді. Өйткені сиыр етінің төс еті 1350 теңгеден, қой етінің келісі 1200 теңгеден, жылқы еті 1300 теңгеден сатылған еді.
Жәрмеңкеге «Ертіс» корпорациясының тұрақтандыру қоры да қатысып, картоп, пияз (сарымсақ), сәбіз, орамжапырақ, қызылшаның келісі 75 теңгеден сатылған болатын.
Ал жәрмеңке сағат 8.00-ден басталып, 15.00-ге дейін жалғасады.