Оңтүстік Қазақстандағы оқушының өліміне кім кінәлі екендігін анықталуда
Шымкент қаласында өткен сенбіде 16 жастағы оқушы өз-өзіне қол салған болатын
Шымкентте өз-өзіне қол жұмсаған 11 сынып оқушысының өліміне байланысты тергеу шаралары басталды, деп хабарлайды www.inform.kz Қазинформ тілшілері.
- 10 ақпан күні Қаратау аудандық полиция бөліміне жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары кәмелет жасына толмаған 11 сынып оқушысы өз үйінде асылып қалғанын анықтаған. Қазіргі таңда осы дерекке байланысты бірнеше сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның қортындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады,- делінген ОҚО ІІД таратқан хабарламада.
Ерсұлтан Ахметовтың туыстары оның өліміне достарын кінәлап отыр. Өйткені, бақилық болардан бірер күн бұрын жасөспірім мектепте өзге балалардың әлімжетітк жасап жүргені жайында айтқан екен. Ал, қайтыс болған кезде оның қалтасынан өліміне кінәлі деген бірнеше адамның аты-жөні жазылған қағаз табылғаны белгілі.