ШҚО мектептерінде жылдамдығы жоғары ғаламтор жүйесі іске қосылады
Облыс мектептерін ғаламтор желісімен жабдықтау үшін 120 млн теңге қаржы бөлініп отыр
Шығыс Қазақстан облысында 277 мектептің химия, физика, биология кабинеттері заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, Назарбаев зияткерлік мектебінің робототехникалық кабинетіне ұқсас кабинеттер жасалмақ. Қазіргі уақытта бұл жұмыстар аяқталып қалған.
Ал 1 тамыздан бастап облыс мектептері жылдамдығы жоғары ғаламтор желісіне қосылады.
Жылдамдығы төмен 77 мектепті заманауи ғаламторға қосу үшін 64 млн теңге, 167 мектепті Wi-Fi желісіне қосу үшін 60 млн теңге жұмсалмақ.