Өскеменде тіс қаққан ұрылар ұсталды
Бес жігіттен құралған қаскүнем топ 2016 жылдың қыркүйек айынан бері 15 пәтерді тонаған
Полиция қызметкерлері бірнеше қылмыстың бетін ашты. Ұрылар пәтерлер мен жер үйлерді тонаған. Қаскүнем топ барлығы он бес тұрғынның үйін тонап, 17 млн теңгеге тең затты қолды қылған.
ШҚО Ішкі істер департаменті баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, ұсталған ұрылардың жасы әртүрлі, ең кішісі 21 жаста болса, ең үлкені 46 жаста. Қазіргі уақытта барлығы тергеу изоляторына тоғытылған. «Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс ашылып, тергеу амалдары жасалуда.