Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

Уақытша тіркеуді SMS арқылы ұзартуға болады

Елді ұзыннан ұзақ кезекке тұрғызып келген уақытша тіркеу қызметінің уақытын SMS арқылы ұзартуға болады

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшысы Абылайхан Оспанов Facebook-тегі жеке парақшасында жариялады.

- Жуықта ХҚКО-ға бармай уақытша тіркеудің уақытын SMS арқылы созуға болады, - деп жазды Абылайхан Оспанв. - Белсенді қызмет көрсету аясында біз ҚР ІІМ-мен бірге SMS-хабарландыру арқылы уақытша тіркеуді тұрғылықты орнынан жүзеге асырудың жаңа сервисін іске қосамыз. Мұндай шешім вице-премьер Асқар Жұмағалиевтің төрағалығымен өткен апталық Мекемеаралық комиссия барысында шығарылды. Уақытша тіркеудің аяқталуына бір күн қалғанда қызмет алушыға тіркеуді ұзарту мүмкіндігі туралы SMS жіберіледі. Ол өзінің келісімін растауы керек. Сол сияқты үй иесінен келісім алу үшін SMS-сауалнама жіберіледі. Деректер базасындағы меншік құқығы расталса, тұрғылықты мекен бойынша уақытша тіркеу автоматты түрде ұзартылады.

Айта кету керек, аталған қызметті алу үшін арыз беруші мен меншік иесі азаматтардың мобильдік базасына тіркелуі керек. Жеке сәйкестендіру нөмірін (ИИН) мобильді телефонмен байланыстыруды Egov порталының жеке кабинетінде, не болмаса, кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында жасауға болады.

Естеріңізге саламыз, уақытша тіркелу туралы заң 2017 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енген болатын. Бұрын заң бойынша тұрғылықты орнын ауыстырған азаматтар 10 күн ішінде тіркелуге тиісті еді. 

Следующая →