Өскеменнің кейбір аудандарында жылу әлсіз берілуде
Бұған Өскемен Жылу электр станциясының 15-ші қазандығының бітеліп қалуы себеп болған. Қазір оны тазалау жұмыстары жасалуда
- 30 қаңтар күні кештен бастап Үлбі, Октябрь, ЖМК ауданындағы үйлерге жіберілетін жылудың температурасы аз. Ал 19-шы шағын ауданға берілетін жылу төмендетілген жоқ, - дейді «Өскемен жылу жүйелері» АҚ жылу энергиясын беру бөлімінің директоры Дулат Шарапиев.
Жылу берушілердің ақпаратына қарағанда, ыстық температурадағы жылу тең ертеңнен бастап қана беріле бастамақ.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Ледниковый период Холодно в квартире АО "Усть-Каменогорские тепловые сети" Дулат Шарапиев 



