23 қаңтарға арналған әлемдік жаңалықтар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады
Сирия операциясында Түркия алғашқы рет шығынға ұшырады
Сирияның солтүстігіндегі күрт елімен соғыс барысында Түркияның әскери қызметкері қаза тауып, тағы бір сарбаз жарақат алған. Бұл түрік армиясының «Зәйтүн бұтағы» операциясындағы алғашқы ресми дерегі, деп хабарлайды Росбалт сайты.
Сарбаз сирия шекарасындағы Гюльбаба ауылының маңында қаза тапқан. Оқиға орнында Түркияда террористік деп танылған Күрдістан жұмыс партиясының жақтастарымен атыс болған.
Естеріңізге саламыз, 20 қаңтар күні Түркия күрттіктер мекен ететін сириялық Африн кантонында «антитеррористік» операция бастады. Дүйсенбі күні Анкара Африндегі 170 нысанның жойылғаны туралы мәлімдеді.
АҚШ-ты қолдаушы елдер азайып барады
Дональд Трамптың президенттікке кіріскеннен бері АҚШ саясаты мен «жетекшілігіне» деген қарым-қатынас деңгейі күрт төмендеп кетті. Бұл туралы Gallup компаниясы жүргізген сауалнамадан соң белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
АҚШ саясатына деген наразылық батыс елдерінде өскен. Норвегияда сауалнамаға қатысқандардың 86 пайызы американдықтардың әрекетін қолдамайды. Вашингтонға деген сенім деңгейінің төмендеуі Канада, Швеция, Нидерлан, Бельгия, Австрия және Германияда байқалған.
Американдықтарды жақтаушылардың арасында Косово, Албания және Гвинея республикасы бар. Сонымен қатар африканың жеті елі бұл елге үлкен жақтастар деп танылды.
Жалпы, жыл көлемінде наразы елдердің саны тек үш есеге арта түскен. 2016 жылы мұндай елдердің қатарында 16 мемлекет болса, 2017 жылы 53 елге дейін өскен.
Эквадорда шошқа тұмауынан 22 адам көз жұмды.
Екі ай ішінде Эквадорда H1N1 вирусынан 22 адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости.
19 қарашадан 20 қаңтар аралығында тұмаудың көптеген түрлері 500 адамнан анықталса, 411 адам шошқа тұмауын жұқтырған.
Қаза тапқандардың жалпы саны 23 адамды құраса, бір адам өзге тұмау түрінен көз жұмған.
Қазір 700 адам вакцинациядан өткен. Денсаулық сақтау министрлігінің қорында 3,9 миллион екпе жүргізерлік қор бар.
Алғаш Мексикада анықталған шошқа тұмауынан 2009-2011 жылдар аралығында әлемде мыңдаған адам көз жұмды.
Қытай жұмысшылары 9 сағаттың ішінде темір жол салып үлгерді
Лунъянь қалалық округінде жаңа станцияға арналған темір жолды мың жарым адам 9 сағат ішінде салып бітірді, деп хабарлайды LIFE сайты.
- Қытай жұмысшылары өздерінің керемет нәтижелілігін тағы бір рет дәлелдеп берді, - деп жазады басылым.
Теміржолды салуға 23 экскаватор мен жеті пойыз жұмылдырылған. Жұмысшылар ескі үш темір жолды жаңа жазықтыққа біріктірген. Сонымен қатар жұмыс барысында жол белгілерін, бағдаршамдар мен жағдайды бақылау құрылғыдарын да орнатып тастаған.
Следующая →
Тақырыптар:
Утренняя панорама мировых новостей Операция Турции в Сирии Операция в Сирии Кантон Африн Поддержка США Свиной грипп Китайские железнодорожные линии