Үш балалы ана жертөледе тұрып жатыр
Павлодар қаласында екі ай бойы жертөлені мекен етіп келе жатқан ана үш баласының жағдайын біраз болсын жасауға тырысып, жертөле ішін өз бетімен жабдықтап қойған
Марина Юткина Ресейге көшпек болып, ондағы ауылдардың бірінен үй де сатып алған. Бірақ құжаттарында қателік кетіп, Қазақстанға қайтарылған, деп хабарлайды КТК телеарнасының сайты.
- Мүмкіндігіміз барда пәтер жалдап тұрдық, - дейдің үш баланың анасы. - Бірақ пәтер ақысын төлеп тұруға шамамыз жетпеді. Одан өзге бала-шағамның киімі мен тамағы бар. Соның барлығына жағдайым жетпей, біраз уақыт осы жерді паналауға мәжбүрміз.
Көшіп келгеннен кейін 20 жастағы ұлының жүйкесі сыр беріп, жындыханаға түскен. 14 жастағы ұлы түзету мектебіне баратын көрінеді. Ал қызы екінші топтағы мүгедек – дамуында іркіліс байқалады, дұрыс сөйлей алмайды.
Маринаның өзі аула сыпырушы қызметі үшін 25 мың теңге айлық алады. Еріктілер жалғызбасты анаға жиі қаржылай көмек көрсетіп тұрады. Тіпті, жомарт жандар қаржы аударуы үшін банкте есепшот та ашылған.
Следующая →