Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мұқағалидің өлеңі ешқашан өлмейді

Өнер адамдары өзімен бірге шәкірт ертіп, өмірде білгенін үзеңгілесіне үйреткенді мұрат тұтады. Оны өзінің жолына баулып, бар тәлімін дарытуды ниет етеді

Өнер адамдары өзімен бірге шәкірт ертіп, өмірде білгенін үзеңгілесіне үйреткенді мұрат тұтады. Оны өзінің жолына баулып, бар тәлімін дарытуды ниет етеді. 

Ал бүгінгі кейіпкеріміз - өнер саласында өзіне ұстаз таба білген жан. Семей қаласының тумасы, «Дастан Артист» есімімен таныс Дастан Қалиқанұлының «Жігіттер» квартетінің әншілерімен араласып, шәкірт болып тағлым алып жүргеніне төрт жылдай уақыт болған. Оның әнші болып қалыптасып, қайнаған өнер ортасына барып, табысты жан болуына Алматы қаласына қоныс аударуы себеп болған. Ара-тұра өзінің туған өлкесі Шығысқа да келіп тұрады. Соны ескеріп, жас өнерпазды сұхбатқа тартып көрген едік. 

- Дастан Қалиқанұлы, әңгімемізді туған жеріңіз бен білім алған ортаңыздан бастасақ...

- 1992 жылы шілде айында Семей қаласында дүниеге келдім. Қаладағы №35 мектеп пен №8 орта мектепте оқыдым. Алтыншы сыныптан бастап төрт жыл бойы музыка мектебіне барып, вокалдан сабақ алдым. Мектеп бітіргеннен кейін де екі жыл жекелей дәріс алып, тәжірибе толықтырдым. Байқаулар мен фестивальдерге қатысып, орын алып жүрдім. «Әнші балапан» атты халықаралық фестивальге қатысып, үшінші орынға ие болдым. Дегенмен, шағын қалада жүріп, көп нәрсені үйренбесімді, өнер ортасынан құр қалатынымды сезіндім. Сондықтан 2010 жылы ештеңеге қарамай, Алматы қаласына тартып отырдым. Тойға, мерекелік кештерге барып ән айтып жүріп, өнердегі ағаларыммен таныса бастадым. Оның ішінде, «Жігіттер» тобының әншілері мені іні, шәкірт ретінде қабылдап, жанына тартып, ыстық ықылас танытты. Мен де шәкірт болуға қарсы болмадым.

- Өнер өзімен-өзі келмейді ғой. Ол ата текте, қанда болуы қажет. «Баланың жақсы болмағы нағашыдан» деп те бекер айтпайды халқымыз...

- Иә, әрине. Бала күнінен өнерді көріп өскен баланың да өнерге деген ынтасы зор болады. Менің атам мен апам да, әкем де әнші болған жандар. Атам Ұлан ауданында, Гагарин ауылындағы шағын ансамбльде әнші болған. Оларды көріп өскен менің де өнерге деген ықыласым ауды десем болады.

- «Жігіттер» тобымен таныстығыңыз қалай басталды?

- 2013 жылы «Жігіттер» тобының құрылғанына он жыл толуына орай үлкен ән кешін өткізді. Сол кешке мен де қатыстым. Концертте «Жігіттер» тобының әншілері халыққа мені өздерінің шәкірті деп таныстырды. Оған дейін де өнердегі ағаларыммен аралас-құралас болып жүрдім. Өнерде тәжірибе жинау үшін сахна саңлақтарына, өнер майталмандарына жақын жүріп, меймандас дос, үлгі алар ақылшы іздедім. Ал «Жігіттер» тобының әншілері менің талабымды қайтармай, қолдау көрсетті. Сол күнгі кештен бастап мен «Жігіттер» тобының шәкірті болып бой түзедім. 

- Топтағы әншілермен араласа жүріп, қандай тәлім мен тағлым алдың? Қандай кеңестер берді?

- Мырзахан Махановпен көп жұмыс істедім. Мені өз қоластына алған әнші ағамыз көп салиқалы кеңес беріп, салмақты ой айтты. Мұны өнердің іргетасы, оны түсіну мен бағалаудың үлгісі дер едім. Мәселен, Мырзахан ағамыз әрқашан кішіпейіл, сыпайы, әдепті болуды үйретеді. Өйткені қанша талантың ашылып, өнерің шалқып тұрса да, халықтан үлкен емессің деген ұстанымды талай сіңірді. Кішіпейілдік деген - адам бойындағы ең асыл қасиет. Бұл - барша адамгершілік қасиеттердің бастауы. Қазақ эстрадасындағы әншілердің көбі - өмірде қарапайым, көреген, биязы жандар. Кішіпейілдік - әдеп пен мәдениеттің тұтқасы. Тәкаппар тау құлатпайды, оны ел тұрмақ, жер де көтермейді.
Соңғы уақытта құрдасым Төреғали Төреәлінің Павлодар қаласында өткен кеште болған әдепсіздігі жайлы көп сөз қозғалып кетті. Әрине, Төреғалидің өте таланты, дарынды өнер иесі екендігін бәріміз мойындаймыз. Десе де, қазақ эстрадасында жүрген әншілердің көбі оның бұл әрекетін жақтаған жоқ. Өйткені ол бір сәтке болса да, халқын ұмытып кетті. Бірақ кейін елден кешірім сұрап, кінәсін мойындады. Сондықтан кішіпейілдік пен разылыққа жетер қасиет жоқ.     

- Өнерде тағы кімдерді ұстаз тұтасыз?

- «Музарт», «Нұр-Мұқасан» тобындағы ағаларымды, Жұбаныш Жексенұлын өнеге тұтамын, құрметім ерекше. Өмірде де, сахнада да өте мәдениетті, салмақты жандар. Кездесе қалсам, білмей жүрген сауалдарымды сұрап қалуға тарысамын. Жастарға осы жандардан үлгі алған жарасады дер едім. 

- Өзіңіздің жеке әндеріңіз бар ма?

- «Қаламаймын», «Мейірім бер, қымбаттым» атты екі әнім мен соңғы әнге түсірілген бейнебаяным бар. Біреуі алдыңғы жылы жазда жазылса, екіншісі де былтыр жазда, ораза айы кезінде жазылды. Екеуінің де әнін Мырзахан Маханов жазып берді. Мәтінін мен таңдадым. «Мейірім бер, қымбаттым» атты өлең Мұқағали Мақатаевтікі. Мұқағали ақынның өлеңдеріне жазылған ән ешқашан өшпейді деп ойлаймын. Мәселен, Мұқағалидің өлеңіне жазылған «Сенің көзің» әні Музартты, «Жарығым-ай» әні «Каспий» тобын, «Арман-ай», «Күрең күз» сынды әндер «Жігіттер» тобын халыққа танытқаны белгілі. Сондықтан да аңыз адамның атын үлгі тұтып, осы әнге бейнебаян түсірдік. 

- Бейнабаянды қалай түсірдіңіздер?

- Шынымды айтсам, бейнебаянның түсірілім жұмыстарына қатыспадым. Мырзахан ағамыздың өзі бейнебаянды мен түсіріп беремін деп уәде еткен еді. Ол кісі айтқан сөзінде тұратын жан. Сол себепті оның түсіру жұмыстарына көп араласқым келмеді. Бейнебаян қаржысы аса қымбат болмаса керек. Егер оған сюжет қосылса, оның бағасы әлдеқайда қымбат болар еді.

- Барлығының көңілінде жүретін сұрақты қояйын. Тойға көп тапсырыс түсе ме?

- Той аптаның соңғы күндерінде, жұма, сенбі, жексенбіде көп болады. Апта сайын, шамамен, бес тойға барып, ән айтамын. Тойда фонограммасыз, міндетті түрде жанды дауыспен ән айтуға тырысамын. Алайда мейрамхананың барлығы акустикалық талапқа сай емес. Сондықтан кейбір ортада әншілерге жазбаны қолданып, ән айтуына тура келеді.

- Өзіңмен қатарлас жастарға қандай кеңес берер едіңіз?

- Адамды адам еткен - еңбек. Сол себепті әрқашан еңбектену қажет. Ниет қойып, ден салған адамның еңбегі зая кетпейді. Мәселен, бәрімізге белгілі Қайрат Нұртас - айына емес, аптасына бір ән жазатын әнші. Өйткені ол - еңбекқор. Еткен еңбегінің арқасында осындай жетістікке жетіп, бүкіл халықтың сүйікті өнерпазына, сұранысына айналып отыр.

- Алдағы жоспарыңызбен бөлісе отырсаңыз...

- Ең алдымен, білім жетілдіру керек. Өнер ортасында жүріп тәжірибе жинағаныммен, білімнің орны бөлек. Оны қарапайым ортадан ала алмайсың. Вокалдық қабілетің мен әдіс-техникаңды жетілдіруің қажет. Т. Жүргенев атындағы өнер академиясына оқуға түскім келеді. Жалпы, адамға оқу аздық етпейді. Қай жаста оқу оқысаң да, кеш емес. Сәкен Майғазиев ағамыз қазір Қазақ Ұлттық өнер академиясында докторантурада оқып жатыр. Сәкен ағамыз «мен қырық үш жасымда оқу оқып жатырмын, ал жастарға оқуға түсу ешқашан кеш емес» деп айтып жүреді. Мұны ұмытпау керек.
Тағы бір арманым бар. Ол - жеке орындауымдағы әндердің санын он беске жеткізіп, елдің әр өңірінде концерт қою. Мұндай мүмкіндік туып жатса, ән шеруімді, ең алдымен, Шығыс өңірінен бастайтын едім. 

- Сұхбатыңызға рахмет! Өнерде жетер табысыңыз бен жетістігіңіз мол болсын!
 
Следующая →