Мас азамат төсекті өртеп жіберген
Қаладағы саяжайлардың бірінде өрт шықты. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына темекі тұқылы себеп болған
Кеше кешкі бестер шамасындақұтқару қызметінің пультіне «Белый налив» саяжай бірлестігіндегі үйлердің бірінен өрт шыққандығы туралы хабар түскен.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өртке оранған төсек орын жабдықтарын анықтаған. Бұл үйді 43 жастағы азамат жақында ғана жалға алыған көрінеді. Өскемен қалалық ТЖБ баспысөз қызметінің хабарлауынша, тілсіз жау лезде ауыздықталған.
Алдын ала болжам бойынша, сөндрілімеген темекі тұқылы өрттің шығуына себеп болған.
Следующая →