Қазақстанда тағы бір Назарбаев даңғылы ашылады
Мұндай ұсынысты Шымкент облыстық мәслихатының тұрақты комиссия төрағасы Өмірзақ Мелдеханов тастады
10 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz. Күн тәртібінде алты сұрақ қаралды. Сұрақтар арасында Шымкент қаласындағы Астана даңғылына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру ұсынысы қаралды. Аталған ұсыныс мәслихат депутаттарынан бірауыздан қолдау тапты.
Астана даңғылы басты көшелердің бірі болып табылады – бұл жерде ОҚО әкімшілік істер орталығы орналасқан.
Естеріңізге саламыз, 30 қараша күні алматылық Фурманов көшесіне Назарбаев даңғылы атауын беру шешімі қабылданған болатын