«Қазмырыш» ЖШС бас директоры Александр Хмелев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына пікір білдірді
Оның айтуынша, «Қазмырыш» бүгінгі таңда өндірістік үрдістерді цифрлендіру және ресурстық әлеуетті пайдаланудың тиімді жолына түскен
- Бүгін Қазақстан Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолдауы жарияланды. Мемлекет басшысы Төртінші өндірістік төңкеріс аясындағы негізгі 10 міндеттерімізді нақты тұжырымдаған. Басым мақсаттардың ішінде Президент өндірістік үрдістерді цифрлеу және ресурстық әлеуетті пайдаланудың тиімді жолын атап көрсеткен, - дейді Александр Хмелев. - Өнеркәсіп өндірісінің қолбасшысы ретінде «Қазмырыштың» бұл жолдан айнымай келе жатқаны үлкен қуаныш. Жуықта жалпыұлттық «Елдің жаңа индустриализациясы: тұрақты даму және прогресс үшін» атты телекөпір өтті. Онлай режимінде мемлекет басшысы Малеев қойнауындағы "Pitram" құрылғысы мен қызметкерлерін басқарудың инновациялық жүйесін бастады. Біз қазіргі таңда кезең-кезеңімен жеті инновациялық жоба енгізуді жоспарлаудамыз. Бұл салаға салынатын инвестиция көлемі 12 миллиард теңгеден асады. Қызмырыштықтар Президент жолдауында айтылған жоғары стандарттарға деген талпынысты қолдап, қойылған міндеттерді орындауға бар күшін салуға дайын.