Оралдағы әйел мәйітхананы сотқа бергісі келеді
Мәйітхананың қызметкерлері алдымен көмектесуден бас тартып, кейін көрсеткен қызметі үшін өтемақы талап еткен
Орал қаласының тұрғыны Татьяна Ефремова бұрынғы күйеуі Илью Ефремовты бірнеше күн бойы іздеп таба алмаған, деп хабарлайды Мой Город сайты. Алайда кейін күйеуінің апайы Ильяның қайтыс болғанын айтқан. Содан кейін Татьяна мүрдеханаға хабарласып, мәйіттің түскенін не түспегенін сұраған. Қызметкерлер мәйіттің келіп түспегенін айтқан.
Алайда бірнеше күн өткен соң, мәйітхана қызметкерлері тұрғынға хабарласып, оны мәйітті алып кетуін өтінген. Ал барса, мүрдехана қызметіне 11500 теңге төлеу қажет болып шыққан.
Ал тұрғын істің бұлай болғанын қаламайды.
- Менің жалақымы 45 мың теңге. Екі балам бар. Бұл соманы мен төлей алмаймын. Қызметкерлер өз ісіне немқұрайлы қарады. Әйтпесе, мәйіт екі күн бостан-бос мүрдеханада жатпайтын еді, - дейді ол.