ШҚО тұрғыны банкоматтан ақша жоғалғандығын айтты
Зырян қаласының 50 жастағы тұрғыны терминалдан 60 мың теңге шешіп алып тұрып, оны банкоматтың өзінде ұмытып, қалдырып кеткен
Алайда тұрғынның өзі сегіз күннен кейін ғана полицияға хабарласқан. Полицейлер арызды қабылдаған әрі бейнебақылау камерасын тексеріп, 60 мың теңгенің кім алып кеткенін тапқан.
Ал 24 жастағы күдікті жігіт ақшаны әлдеқашан жұмсап үлгерген. Қазіргі уақытта «Ұрлық» қылмысы бойынша іс қозғалуда.