Елімізде жасөспірімдерге энергетиктерді сатуға тыйым салынуы мүмкін
Қазақстандық депутат Сәкен Қаныбеков үкіметті жасөспірімдер мен балаларға энергетиіктерді пайдалануға, сатуға немесе шектеу қоюға шақырды
Депутат жасөспірімдерге энергетикалық сусындарды таратуға шектеу қоюға шаралап қолданып, әкімшілік жауапкершілік тағайындап, оны жүзеге асыруға тыйым салу керектігі туралы ұсынысын ҚР Премьер-министріне баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сәкен Қаныбековтың айтуынша, еліміздің медициналық қауымы бұл сусындардың айтқысыз деңгейде таратылып жатқандығын айтып дабыл қағуда.
- Қазақстандық мамандардың айтуынша, энергетикалық сусындар әдет туғызып, орталық жүйке жүйесінің азуына алып келетін психотроптық зат болып табылады. Мұндай сусындардың зияны туралы оқу мүмкін емес кіші қаріппен жазылады. Ал оның пайдасы туралы үлкен әріппен жазылады, - дейді парламентарий. - шетелдік ғалымдардың зерттеуінше, энергетикалық сусындар алаңдаушылық, ұйқысыздық, шаршау және өзге де аурушаң хал тудырады.
Сондықтан көптеген елдерде аталған сусын түрлерін таратуға толық тыйым салынуда.