Астанада ботаникалық бақ ашылады
Оның ашылуы 2018 жылдың шілде айында болмақ
Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов ботаникалық бақтың 92 гектарды құрайтынын айтады, деп хабарлайды zakon.kz сайты.
Ал оны салуға мемлекеттік қаржыдан 9 млрд теңге қаражат бөлінсе, жеке инвесторлар 12 млрд теңге бөлмек.
Қазіргі уақытта екі саяжол салынып қойылған. Енді тропикалық өсімдіктертің 40-тан астам түрі егілмек. Ал екінші саяжол бойында шөлде өсетін өсімдіктер отырғызылады.
Одан бөлек, аумаққа 30 мың ағаш түбі отырғызылып, жүгіруге арналған, велосипед өтетін жолдар салынып қойылған.