«Халал» шұжықтан шошқа табылған
Дүкен сөрелеріндегі кейбір өнімдер талапқа сай емес, ал кейбірі адам денсаулығына мүлдем зиян
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті сөреде тұрған тауарларға тексеріс жасап, кейбір өнімдердің талапқа сай емес, ал кейбірінің адам денсаулығына мүлдем зиян екендігін анықтаған.
Жыл басынан бері 36 мың тауардың сырты мен іші тексерілген. Оның ішінде Шығыс Қазақстанда өндірілген тауарлар да бар. Тауарлардың көбі дұрыс қапталмаған, тағам құрамындағы қосындылар толығымен көрсетілмеген не жалған жазылған болып шыққан. Бұл жағынан 29 мың тамақ өнімдерінің 2138-і талапқа сай емес.
Кейбір сүт пен сары май табиғи өнім деп көрсетілгенімен, оның құрамынан өсімдік майы табылған. Яғни, 738 жасанды сүт пен май дайындалды деген сөз. 40 «Халал» белгісі қойылған шұжық, консерві өнімдерін дайындаушының 11-інен шошқа еті анықталған. Ал шын мәнінде, шұжықтың сыртында «сиыр еті» не «жылқы еті» деп жазылған. «Консервы мясные кусковые стерилизованные «Говядина тушеная в/с», «Паштет из говяжьей печени» ООО «БРТ», «Консервы мясорастительные «Паштет нежный из говяжьей печени» ОАО «Орелпродукт», «Консервы мясные стерилизованные «Говядина» Смоленская из говядины» ЗАО «Йошкар-Олинский мясокомбинат» сынды ресейлік өндірушілердің шұжықтары мен консервілеріне шошқа еті қосылған.
Балалардың ойыншығы мен тамақ түрлерінен де ағзаға зиянды заттар табылған. Мәселен, мұндай өнімдердің 3/1 бөлігіне фенол пен формальдегид сынды улы заттардың көп мөлшерде қосылғаны анықталған. Ал ойыншықтардың көбі Қытай мен Түркиядан әкелінген.
Тексеріс барысында адам денсаулығына зиян 172 тонна өнімнің, 52 тонна азық-түліктің көзі жойылған. Ал зиянды заттар сатқаны үшін өндірушілер жалпы 21 млн теңге айыппұл төлеген.
Следующая →

Тақырыптар:
«Халал» шұжықтан шошқа табылған