Солтүстік Қазақстанда өткінші бесінші қабаттан құлаған баланы құтқарып қалды
Ер адамның ептілігі мен жұмсақ сырт киімінің арқасында алты жасар бала қауіпті жарақаттардан аман қалды
Қазіргі уақытта бала травматология бөлімінде жатыр. Ол жансақтау бөлімінен жуықта шықты, деп хабарлайды Қостанай жаңалықтарының сайты.Құлау барысында бала басынан жарақат алса да, ота жасаудың қажеттілігі туындамады.
- Келесі күні ер адам хабарласып баланың денсаулығын сұрады, - дейді бас дәрігердің міндетін атқарушы Игорь Белобржцкий. - Оның балаға кім болып келетінін сұрадық. Ол «оны қағып алған адам» екенін айтты. Өкінішке орай ол туралы деректерді сұрамадық.
Баланы қайғылы қасіретке ұшыратпай, жанында көмек көрсетуге дайын адамдардың бар болған қандай жақсы.