Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

Экс-депутат Қазақстан мектептеріндегі дәретханаларды жөндеуді ұсынып отыр

Астанадағы мектептерінде бірінде қонақта болған Бақыт Сыздықова мектеп әжетханасын көріп, шалқасынан түскен

Дәретхананы суретке түсіріп, фейсбуктегі парақшасына салған Бақыт Сыздықова бірнеше күннің ішінде жазбаның асты пікірлерге толып қалғанын айтады.

- Фейсбуктегі жазбам қолданушылар тарапынан бұлай кең талқыланады деп ойламаппын. Алматы, Қызылорда облысының ата-аналары пікір жазып, мектептегі дәретханалардың талапқа сай емес екендігін баяндаған. Соған қарағанда, мектептердің көпшілігінде әжетханалардың дұрыс салынбағанына, көңіл бөлінбейтіндігіне көзім жетті. Сондықтан бұл істі қолыма аламын, - дейді Бақыт Сыздықова.

Ауылдағы мектептердің әжетханасы мүлдем айдалада орналасқан. Экс-депутат қаладағы да, ауылдағы да әжетханалармен «айналысамын» деп отыр.

Ал Астана қаласында дау-дамайға айналып кеткен мектептің әжетханасы бірнеше күннің ішінде жөнделіп, қалпына келтіріліп қойылған. 

Следующая →