«Медеу» мұз айдынында Қазақстандағы ең алып алкогольсыз коктейль дайындалды
Тәжірибелі бармендер Қазақстанның рекордтар кітабына кіруді көздеп отыр
Таулы кешенге келушілер шынайы шеберлердің 60 литрден астам алкогольсіз коктейль дайындау барысымен таныс болды, деп хабарлайды Kazinform сайты. Сусын құйылған стақанның жалпы салмағы 180 килограммға жетті. Барлығы 188 порция сыйды.
- Коктейльді дайындауға бес адам және үш көмекші қатысты. Бұл тәжірибелі бармендер. Олар бір ай бойы дайындалды. Рекордты орнату әкімдіктің көмегімен жүргізілді, - дейді шараны ұйымдастырушылардың бірі Анель Ерімбетова.
Сусын дайындалып, рекорд тіркелген соң, ұйымдастырушылар көрермендерді қонақ етті.
Следующая →