Қазақстан әскери қызметкерлері жалақының өсуіне орай президентке алғыс айтты
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әскери қызметкерлер атынан жалақының өсуіне орай Сәкен Жасұзақовтың алғысын алды
Кездесу барысында Мемлекет басшысына елдің қарулы күштерінің жағдайы және министрліктің ағымдағы жылдағы жұмыс жоспары туралы есеп берілді.
Қазақстан президенті әскери қызметкерлердің әлеуметтік қамсыздандыру шараларына ден қойып, аталған бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығын ескерді.
Мұнымен қоса Сәкен Жанұзақов Қазақстан президентіне жалдамалы тұрғын үй мен тұрғын үй жинақ жүйесі бойынша әскери қызметкерлердің тұрғын үй сұрақтарын шешу туралы баяндады.
Сонымен қатар, министр Мемлекет басшысына ел қарулы күштерінің материалды-техникалық жабдықталуы мен 2017 жылы жүргізілген жастарға әскери-патриоттық тәрбие жұмысы туралы ақпарат берді.
Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев нақты тапсырмалар қатарын берді.