Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

«Ауыл атамдікі, көше көкемдікі» демей...

Кейбір деректер бойынша, кеңестік режімнің шаңырағы шайқалмай тұрған заманда қазақ жеріндегі жиырма миллион жер-су атаулары үгіт-насихат мақсатында өзгертілген

Келер жыл келісті болса, көшелердің атауын өзгертудің орайы келіп-ақ тұр. «Орайы» деп орынды сөйлегеніміз абзал. Айтпағымыз, бүгінгі таңда Шығыс Қазақстандағы қала, аудандарда ономастика мәселелерін қарайтын жұмыс топтары құрылған. Ал облыс көлемінде ономастика комиссиясы жиылды. Комиссияның құрамына депутаттар, ғалымдар, Шығыс Қазақстан халқы кіші Ассамблеясының атқарушы хатшылығының меңгерушісі, ардагерлер кеңесінің төрағасы, журналистер кіреді.

Жалпы, жер-су атауы демекші, кез келген қазақ ауылының ұлтарақтай жерін қопарсаң, «аты-жөнін» анықтап аласың. Компас болмаса да барар жер, басар тауын білген бабалар жерін жетімсіретпей атау беріп, ат басын тіреген кез келген мекеннің еркесі болған. О заман бұ заманмен алмаса жүріп, жері де, есімі де қолды болған халықтың «ескісін есіркеп, жаңасын жарылқайтын» хақы бар. Маңғаз халқымыз «атың шықсын десең, жер өрте» демей, тәуелсіздіктің тыныштығын бұзбай, ер есімі мен жер есімдерін есіне алып келеді.

- 2017 жылы кісі есімдерін беруге шектеу қойылған. Шектеу қай уақытқа дейін жалғасатыны белгісіз - дейді Шығыс Қазақстан облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Айдын Шаймарданов. - Еліміздегі ономастикалық атауларды ретке келтіру және тарихи атауларды жаңғырту мақсатында идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар мен қайталанатын атауларды тарихи жер-су атауларына алмастыруға ұсыныс берілген.

Айта кету керек, адам есімімен көшені атамау тәжірибесі бүгінгі таңда Жапонияда кеңінен қалыптасқан. Күншығыс елінің адамдары көшені екі үй арасындағы «бос кеңістік» деп, оған ұлы тұлғаларының есімін беруді жөн көрмейтін көрінеді.

- Өңірімізде атауларды өзгерту жоспарланбайды. Ол халықтан түскен өтініш арқылы ескеріледі, - дейді Айдын Жомартұлы. - Бірақ Шығыс Қазақстанда Тәуелсіздік жылдарынан бері Президент жарлығымен екі қаланың атауы өзгертілген болатын. Біреу білер, біреу білмес, шахтерлер мекені Лениногорск қаласының жаңа атауы бүгінгі Риддер болса, Семипалатинск қаласы бүгінгі таңда Семей болып ауыстырылған.

Бұрынғы «Жетішатыр» қаласының тарихы көпшілікке мәлім. Ал қызыл режімнің шашбауын көтеріп келген Лениногорск қаласы Ресей империясындағы орыстанған шведтік тау инженері Филипп Филиппович Риддердің есімімен аталған деген болжам бар. Себебі, 1786 жылдары бұл өңірге тау инженері келіп, апталап жатқанға ұқсайды. Дегенмен, Тәуелсіздік жылдарынан бері Шығыс Қазақстанда 31 ауылдық округтің, 100 ауылдың тарихи атауы қайтарылғанын айтпасақ болмайды.

- Ономастика ғылыми тұрғыда сан-салалы болып келеді, - дейді С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Айгүл Әлімхан. - Бірақ әлеуметтік өмірде адам есімі, жер-су және көше атаулары сынды үш бағыт ең маңызды болып табылады. Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанда ономастика бойынша облыстық комиссия құрылған. Қазіргі таңда көшелерге адам есімін беруге шектеу қойылған. Себебін білетін болсақ, оңтүстікқазақстандық шенеуніктер арасында «ауыл атамдікі, көше көкемдікі» деп туған-туысқандардың есімін беру белең алып кеткен болатын. Комиссия тарапынан халыққа белгілі бір көшелердің атауын өзгерту туралы ұсыныс айтылады. Бұл ретте тұрғындардың пікірі ескерілетін болады.

Қазіргі таңда атаусыз көшелердің де кездесетінін ұмытпауымыз керек сияқты. Мысалы, Жаңа Ахмер мен Ахмер ауылдарының арасында орналасқан бірқатар үйлер әлі күнге дейін санмен саналып келеді.

- Бұл өңірде бала күнімнен тұрамын, - дейді ауыл тұрғыны Досжан Тоқтаров. - Өз есебімше, мұнда жиырмадан астам көше атаусыз келеді. Бұл менің өз есебім. Нақтысына келгенде, сараптап, талдап жатқан ешкім жоқ. Сондықтан, бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Әрине, мұны ерсі көріп, жетімсіреп жүрген ешкім жоқ. Бірақ кейде төтенше жағдай орын алғанда немесе біреу науқастанып қалғанда жедел жәрдем қызметкерлері ауыл ішінен нақты бір үйді іздестіріп кетеді. Бар қиындығы - осы. Дегенмен, жетім кеңістіктерге келісті атау беру тек пайдалы болмаса, зиян емес.

Көшелердің атауын өзгерту сұрағы биылғы жылы да бірнеше мәрте көтерілген. Алайда, бұл бастамалардың көпшілігі не қолдаусыз, не өзгеріссіз қалуда. Негізінен, ашаршылық пен қырғын соғыстың сойқанына салған қызыл режімнің жесір қалған үгіті бүгінгі күнге дейін сақталғаны алаңдаушылық тудырмаса да, есіркететіні анық. 

Следующая →