Қазақстанда Activ абоненттерінің төлемдері өтпей жатыр
Бүгін Kcell мобильді байланыс операторының төлем қабылдау жүйесінде ақау орын алды.
Мұны тұтынушылар мен мобильді оператор менеджерлері айтып отыр.
- Сағат 11-ден бастап клиенттеріміз операторға хабарласып, төлем салғанын, алайда есепшотқа әлі түспей жатқанын айтты. Ақау әлі анықталуда, - дейді диспетчер.
Оның сөзіне қарағанда, төлем қабылдау бағдарламасында кінәрат болып отыр.
- Төлемдер қабылданады да, есепшотқа түспейді немесе мүлдем қабылданбай қалады, - дейді оператор.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Компания "Activ" Компания "Kcell" Сотовая связь в Казахстане 



