Алимент төлеу мәселесі басты назарда
Облыс прокуратурасы жұмыспен қамту органдарымен бірлесе отырып, борышкерлерге жұмысқа тұруға көмектесуде
ШҚО прокуратурасының мәліметтеріне сүйенсек, 2013-2016 жылдары облыс бойынша жыл сайын 10 мыңнан 13 мыңға дейін неке тіркелген болса, ажырасудың саны орташа алғанда 5 мыңды құрайды. Оның 60-70%-ы ортақ кәмелет жасқа толмаған балалары бар жанұяларға тиесілі.
- Сот орындаушыларына жыл сайын 3-4 мыңның көлемінде алимент өндіру туралы атқарушылық құжаттары келіп түседі, - деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. - Бүгінгі күні милиардтан аса теңге қарыз өндірілді. Қадағалаушы ведомство қарыздарды азайтудың және кедергілерді шешудің тиімді жолдарын іздеуге тырысуда. Прокуратураның талдау нәтиежесінде анықталғандай, азаматтардың өз балаларын қамтамасыз етуге асықпауына борышкерлердің көп бөлігінің тұрақты жұмыс орнының болмауы себеп.
Алиментті төлеу үшін оларды жұмысқа тұруға міндеттеу заң бойынша мүмкін емес. Сол себепті, ШҚО прокуратурасы борышкерлерге өздеріне келетін жұмыстарды табуға көмек көрсету үшін бірқатар шараларды қозғады. Ол үшін сот орындаушылары борышкерлерге олардың мамандығына сай ұсынысты жұмыспен қамту бөлімдері арқылы хатпен жолдайды.
Прокуратура қызметкерлерінің айтуынша, егер борышкер жұмысқа орналасса – ол алимент бойынша берешекті төлей алады, нәтиежесінде, арыз-шағымдардың саны азаяды.
Следующая →

Тақырыптар:
Алимент төлеу мәселесі басты назарда