Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі өзгерді
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) барлық филиалында «Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі» тақырыбында Ашық есік күні өтті
Ашық есік күні бағдарламасы аясында «Зейнетақы жинақтарын төлеу» тақырыбында таныстырылым өткізілді. Онда елімізде зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға қатысты маңызды мағлұматтар жария етілді. Шараға қатысушыларға ағымдағы жағдайға сәйкес кесте бойынша төлемдер туралы толық ақпарат берілді.
Шараға қатысушылардың барлығы белгіленген кесте бойынша кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар екендігі, зейнетақы төлемдерінің жыл сайынғы сомасы қалай есептелетіндігі, ерікті зейнетақы жарналары есебінен кімдердің зейнетақы төлемдерін ала алатындығы, шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібі, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру барысында қандай салық салынатындығы, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару мүмкіндіктері туралы жан-жақты мағлұматтар алды.
БЖЗҚ филиалдарының қызметкерлері тұрғындарға таяу уақытта енгізілетін жаңа өзгерістер жайында да хабардар етті. Егер қазір зейнетақы төлемдері алушының таңдауы бойынша белгіленген кестеге сәйкес ай сайын, тоқсан сайын және жыл сайын төленетін болса, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері тек ай сайын ғана жүзеге асырылатын болады.
Бұл норма зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру, оның ішінде бюджет қаражаты және зейнетақы жинақтары есебінен төленетін жиынтық зейнетақы мөлшерін арттыру мақсатында енгізіліп отыр. Басқа сөзбен айтқанда құрметті демалысқа шыққан зейнеткер мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақыны және БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтары есебінен төленетін төлемдерді ай сайын алатын болады. Келешекте ортақ зейнетақы біртіндеп азайып, кейін мүлдем тоқтатылатындықтан, мұндай төлемдердің салымшы үшін ай сайынғы табыс көзіне айналатындығы сөзсіз. Ал ай сайынғы төлемдер мөлшерінің қандай болатындығы салымшының өзіне байланысты. Осылайша, бүгінде еңбек етіп жүрген жандар үшін міндетті зейнетақы аударымдары өте маңызды мәселеге айналмақ. Тағы бір айта кететін жәйт, ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын зейнетақы төлемдерінің мерзімділігі халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
Егер алушылардың зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен (374 940 теңге) аспаған жағдайда, аталған сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет төленетіндігін айта кеткен жөн.
Следующая →