Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Айдос Мырзахметов
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Тарихыңды зерттеу – бабаңа тағзым

ШҚО Туризм және сыртқы байланыс басқармасы оқушылар, колледж студенттері, балалар үйінің тәрбиеленушілерімен экологиялық-туристік саяхат өткізді

Аталған шара «Кругозор» туризмнің Жастар мәдени орталығы, ШҚО Ішкі саясат басқармасы, Білім басқармасы, Мәдениет басқармасы, Облыстық этнографиялық музей қорығы, Өлкетану мұражайы және бизнес өкілдерімен ұйымдастырылды.

- Қазіргі буын өз туған жерінің киелі орындарында болуы керек, - дейді ШҚО Туристік-ақпараттық орталығының директоры Сымбат Рамазанов. - Бұл шаралар балалардың өз тарихын білуі, өз көзімен көруі үшін, сонымен қатар, 29 қыркүйек  -Халықаралық туризм күніне орай ұйымдастырылды. Аз қамтылған отбасынан шыққан балалар мен жетім балалар Сағыр ауылында, Ақбауыр тауында, Абылайкит будда монастырына барды. Бұл Ұлан ауданының киелі орындары. Негізі мұндай киелі орындардың 24 жол картасы дайындалған.

Бұл сапар кейбір оқушылар үшін алғашқы еді. Саяхатшылар облыс орталығынан елу шақырым жерде орналасқан Сағыр ауылына тоқтап, жергілікті Александр Пушкин атындағы орта мектепке қатынады.

- 1861 жылғы аграрлық реформа аясында қазақ жеріне көптеген орыс азаматтары қоныс аударған, - дейді ардагер-ұстаз Ғалия Оқасова. - Сағыр  жеріне 1898 жылы ауыл іргесін алғаш қалаған азаматтар Владимир Ильич Лениннің туған жерінен келген. Өз жерлестерінің ірі тұлға болғанын меңзеп, ауыл тұрғындары мекенді Ленинка деп атаған. 1969 жылы Александр Пушкин атындағы мектебі салынған соң, ауыл тұрғындарының тарихи бұрышы ашылып, кейін мұражайға айналды.

Облыс тұрғындары "Ленинка" деп білетін ауыл бүгінде іргесінде жатқан өзеннің атауы бойынша "Сағыр" атанып кеткен. Оқушылар бұл ауылдан кейін Ақбауыр археологиялық кешенінде болып, 5 мың жылдық тарихы бар тастағы жазбалармен танысып шықты. 

- Ақбауыр тастарындағы жазбаларда солтүстік бағытындағы жұлдыздар суреттелген. Бұл жазбалар бойынша жыл мезгілдері, құрбандық шалу уақыты анықталатын. Белгілер жанындағы тас қуысы жұлдыздардың орналасқан орнын көрсетеді. Суреттер құрбандыққа шалынған малдың қанымен салынған. Энеолит заманындағы суреттердің химиялық құрамын  тексеру мүмкін болмай отыр, - дейді «Кругозор» туризм мәдениетінің Жастар орталығы директоры Татьяна Нетунаева.

Ұлан ауданының біршама киелі орындарында болған балалар әрбір сәтті суретке түсіріп, өңір тарихы туралы қызықты мәліметтерді жинақтады. Сапар соңы Абылайкит будда монастырында аяқталып, оқушылар мен тәрбиеленушілер қазба орындарын тамашалап қайтты. 

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Ақбауыр Туризм