Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Дала өрті көбінесе адам салдарынан орын алады

Өрттің қандай түрі болмасын, опасыз болмайды. Тілсіз жаудың төтенше мінезі табиғат-ананың бар тіршілігін тік тұрғызады

Өрескел мінезді өрт қауіпінің көптеген түрлері бар. Әрине, ең қауіптісі – орман өрті. Құлақтан ұрған танадай тыныштықта тұтанып алып, ауқымды жерді жалмайтын бұл кесапаттың түтіні аспанға будақтаса да аңдамай қалуға болады. Бірақдәл осындай қауіпке ие өрттің бірі – дала өрті.

Дала өрттерінің басты себебі – отпен болатын абайсыздық. Биылғы жылы Шығыс Қазақстанда орын алған 22 дала өртінің 80 пайызы адамның отты пайдалану барысында қауіпсіздік шараларын сақтамаудан туындаған. Алайда, өрт ретінде есепке алынбайтын, материалдық шығын келтірмеген құрғақ шөптің өртену оқиғалары да болады. Биылғы жылы мұндай 1000-нан аса өрт оқиғалары тіркелген.
Жылдың төрт мезгілінде тыным таппайтын төтенше жағдайлар қызметкерлері ірі дала өрттері мен құрғақ шөптің өртенуіне жол бермеу үшін күн сайын ғарыштық мониторинг жасап, өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының мамандары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бірқатар шараларды жүргізеді. 

- Өрт жиі орын алатын орындарда өртке қарсы құрылымдармен арнайы бекеттер ұйымдастырылады, - дейді Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Мадьяров. -  Ал елді мекендер, автомобиль және теміржолдар бойында бұл жұмыстар тіптен белсене жүргізіледі. Әсіресе, астық жинау науқаны кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, ауылшаруашылығы жерлерінде бақылаусыз өрт қоюға жол бермеуге тырысамыз. Бұл мақсатта арнайы рейдтер жүргізіледі.

Көбінесе көктемгі және жазғы кезеңдерде алыс жолға шыққан жолаушылар түнгі дала өртін кездестіріп жатады. Бір қарағанда, бұл адамдар үшін әдеттегі жайтқа жатады. Себебі, біздіңше дала шөбін шаруалардың өздері әдейі өртейді, ол қауіпсіз деген түсінік әлдеқашан қалыптасып қойған. 

- Дала өртінің 80 пайызы тікелей адамдардың кінәсінен туындайды, - дейді Нұрлан Әбілбайұлы. - Мұндай әрекеттерге жол бермеу үшін ТЖД қызметкерлері күн сайын жадынамалар таратып, аулаларды аралайды. Биылғы жылы жүргізілген 255 рейд барысында мамандар 125 000 аулаларды аралап шықты. Айта кету керек, құрғақ шөпті бақылаусыз өртеу тікелей өрт қауіпсіздігінің ережелерін бұзу болып табылады. Оның салдары ірі дала өрттеріне алып келуі ықтимал. Әсіресе, шөп қураған кезде бұл үлкен қауіпке ие. Сондықтан жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, астық жинау науқанында шаруа қожалықтары мен жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Орман өрті мен дала өртінің қиындығы бірдей деуге келеді. Бір ерекшелігі мұндай өрттің таралуы әлдеқайда жылдам, әрі үлкен аумақты тегіс жалмай алады. Мұнымен қоса, табиғи факторлар өрттің үстіне май құйғандай әсер қалдырады.

- Дала өрттерін сөндіруге бірден-бір кедергі – ауа-райы жағдайы, - дейді өртсөндіруші мамандар. - Жағдайды құрғақшылық пен қатты соққан жел ушықтыруы мүмкін. Мұндай сәтте желдің күштілігіне байланысты арнайы топтар құрылады. Тым күшті болған сайын адам саны да арта түседі. От бақылаудан шығып кетіп, үлкен аумаққа жылдам таралады. Тағы бір қиындық түрі – күрделі жер бедері. Таулы жерлерде немесе күрделі дала учаскелеріндегі өрт ошағына арнайы техникалардың жетуі тек қиындай түседі. Тағы бір қиындық – су көздерінің шалғайда болуы. Сондықтан даладағы өрт барысында адамдар техникамен емес, қара күшке жүгінеді. Даладағы өрт арқаға асылатын су толтырылған ыдыс арқылы жерді сулап сөндіріледі. Алайда, көптеген жағдайларда су көздері мүлдем болмай жатады. Автоцистернаны толтыру үшін арнайы көліктер ондаған шақырымды басып өтеді.

Адамзат баласының аяқ баспайтын жері кем де кем. Жүрген жеріне қоқыс тастап, не болмаса темекі отын сөндірмей лақтыра салу әдеті сирек кездеспейді.
Следующая →