Қарағандыдағы қоғамдық орындарда онлайн-сурдоаудармашылар пайда болады
2018 жылдан бастап Қарағанды облысында "SURDO online" технологиясын енгізу жоспарлануда
2018 жылы Қарағанды облысында «SURDO online» технологиясын енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің ресми-ақпараттық порталы.
Есту қабылеті нашар адамдарға көмек үшін вокзалдар, мектептер мен басқа да қоғамдық орындарда арнайы құрылғылар болады. Бұл туралы Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Максим Галиуллин мәлім етті.
- Ол камера, монитор және динамиктен тұратын құрылғы болады, - деді ол. - Олар есту қабілеті нашар адамдардың ым-ишара мен ерін қозғалысын есте сақтап, кейін оны ауызша түрде қайталайды. Бұл мысалға, вокзалда билет сатып алуға көмектеседі.
Жалпы алғанда, бұл технологияны қолдану онлайн түрдегі бейнеконференция тәрізді болмақ.
Аталмыш құрылғы орнатылатын ұйымдар мен мекемелердің толық тізімі кейінірек белгілі болады.
Сурет әлеуметтік желілердегі ашық дереккөздерден алынды
Следующая →