«Нұр Әлем» мұражайға айналмақ
Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесінің павильондарын жию жұмыстары желтоқсан айының ортасына дейін жүргізілмек
"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компания сайты мамандандырылған көрмені құрылыс бөліктері мен павильондарын жинау жұмыстары 11 қыркүйектан бастап 15 желтоқсанға дейін жалғаспақ.
Көрмеге қатысушылар қойылған экспонаттары мен құрылыс бөліктерін жинастырып, жөндеу жұмыстарын жүргізе отырып, ұйымдастырушыларға қайтарып береді. Қатысушылар аталған шаруаларды 15 желтоқсанға дейін бітіруі тиіс.
Ал «Нұр Әлем» павильоны сол күйінде қалады да, ары қарай мұражай ретінде жұмыс жасайтын болады.