Қазақстандық кемежайға бейресми тұрғыда ресейлік зымыран кемесі тоқтады
ҚР ӘТК және РФ ӘТФ арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту аясында Ресей Федерациясының Каспий флотилиясы кеме жасағының бейресми келді
Қазақстан Республикасы аумақтық суларына Ресей Федерациясының Каспий флотилиясы кемелер жасағының кіруі Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз Қарулы Күштерінің әскери кемесімен жүзеге асты, деп хабарлайды Қазақстан Қорғаныс министрлігінің сайтында.
Бағдарлама аясында кеме жасақтарының рейдтегі кездесуі және Ақтау халықаралық теңіз сауда кемежайында тұрақтау, Ақтау қаласы тұрғындары мен оқушыларының кемедегі экскурсиясы, екі елдің қарулы күштерінің арасындағы спорттық жарыстары өтеді.
Түрлі кемелер дивизионы командирі, 3 деңгейдегі капитан Қалиев Дастан:
- Бұл кездесу екі елдің арасындағы жақсы дәстүрге айналып, әскери теңізшілер арасындағы достықты, әскери саладағы бірлестікті және Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтып өткен статусқа - «Каспий – достастық пен тұрақтылық теңізі» - сай келеді.