Семейдегі аспалы көпір келесі жылы жөнделеді
Аспалы көпірдің апаттық жағдайда емес, алайда жөндеуді талап етеді. Бұл жайында ШҚО Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы айтып отыр.
Семей қаласындағы аспалы көпір басқарманың теңгеріміне берілген. Сондықтан оның күту, жөндеу жұмыстарын да басқарма жүргізуі қажет.
- БАҚ құралдарында бұл көпірдің апатты жағдайда екендігі жиі айтылады. Алайда олай емес. Көпірге жөндеу жұмыстары қажет, алайда апат алдындағы нысан емес, - дейді ШҚО Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Әсет Сұлтанов. - Біз көпірге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ-мен бірлесе жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қазіргі уақытта көпірдің бетіне төселген асфальттың құрамы анықталды. Алдағы уақытта бұл асфальт құрамына сәйкес жол жөндеу жұмыстарын жүргіземіз.
Әсет Сұлтановтың сөзіне қарағанда, көпір ендігі жылы жөнделмек. Бұған 400 млн теңгеден астам қаржы бөлінгелі отыр.
Сонымен қатар, басқарма көпірдің жолын ғана емес, оны құраушы бөліктерін де жөндемек.
Следующая →
Тақырыптар:
Мост в Семее Ремонт моста в Семее Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог ВКО