Оқырмандарымызды Конституция күнімен құттықтаймыз!
«Алдаспан» және «Устинка плюс» газеттерінің ұжымы, "Устинка Live" сайтының әкімшілігі өз оқырмандарын Конституция күнімен құттықтайды
30 тамыз – еліміздің әрбір азаматына елеулі күн.
Ата Заң - тәуелсіз елдің тарихи төлқұжаты. Елдігі мен еркіндігіне құқық беретін, тарихы мен халқын тұтастыратын, демократиялық құндылықтарына күш беретін құжаты. Осыдан жиырма екі жыл бұрын 30 тамыз күні қабылданған тәуелсіз елдің екінші Конституциясы еркін елдің Ата Заңы, қасқа жолы ретінде таңдалып алынды.
Қазақстан Ата Заңы әлемдегі ең жас Конституцияларының қатарына жатады. Қазақстан Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі саналады. Елдің Ата Заңын қабылдауды халықтың өзі қолдаған еді. 1995 жылы 30 тамызда елдің жаңа Конституциясын қабылдау жөнінде бүкілхалықтық референдум өтіп, оған сайлаушылардың 90,58 пайызы қатысты. Олардың 89,14 пайызы жаңа Конституцияның қабылдануын қолдады. Қазақстан Ата Заңы - дала демократиясының заңды жалғасы, Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолын шежіре еткен елдік жарғы.
Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Отбасыларыңызға бақыт тілейміз. Еңбекте шалқар табыстарға жете беріңіздер демекпіз.